Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 желтоқсан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Елордада Batyrs’ Battle турнирі өтті

Елордада Batyrs’ Battle турнирі өтті

Елордада Batyrs’ Battle турнирі өтті
ашық дереккөзі

Астандағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде ел Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай Batyrs' Battle турнирі өтті, деп newsroom.kz хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, және қазақстандық зілтемірші Илья Ильин қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

«Batyrs Battle – бұл салауатты өмір салтын насихаттайтын көпсайысты турнир. Ерекше жоба алғаш рет 2007 жылы жүзеге асқан еді. Бүгінгі шараның негізгі мақсаты — Қажымұқан, Балуан Шолақтардың жаттығу үрдісін жалғап, халық арасында кеңінен насихаттау. Орасан күштің иесі Қажымұқан бабамыз — күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы. Теңдессіз өнерімен жер шарын аралағаны белгілі.

Қажымұқанның ізбасарлары күш сынасатын додада ең мықтылар жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспін!» - деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша жарыс балалар мен жастарды қазақ елінің тарихымен таныстырса, аға буынға өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік беретін жоба. Мұнда әркім өзінің күші мен қабілетін көрсете алады. Турнирдің мақсаты жеңу немесе жеңілу емес. Ол – аренаның тар кеңістігінде, мыңдаған адамның алдында өз күшін көрсету.

Бес раундтан тұратын сайысқа 10 балуан қатысты. Қатысушылар сахна алдында тұрған қаптарды көтеріп қана қоймай сайыстың ережесі бойынша бөрене, тас көтеріп, металдан жасалған шыбықты майыстырып, белбеу күресіне де қатысты. Әр раундтан кейін төрешілер алқасы әр қатысушыға белгілі бір ұпай санын беріп, мықтыларын анықтап отырды.

Турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен марапатталды.

Айта кетейік, іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстандық спортшылар одағының ұйымдастыруымен өтті.