Семейде 4 желтоқсаннан бері полицейлер мен еріктілер іздестірген әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп newsroom.kz жазады aikyn.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
35 жастағы Адэль Хамзина 4 желтоқсанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Әпкесі сол күні полицияға хабарласып, 1987 жылы туған сіңлісі жоғалып кеткенін айтқан.
Адэль Хамзинаның мәйіті қала сыртындағы Степной ауылының маңынан табылған.
«Полицейлер Степной ауылының маңынан 35 жастағы әйелдің мәйітін тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр», – деді полицейлер.
Фото: aikyn.kz