Ақтөбе облысында үй газға толып жарылды (Видео)

Ақтөбе облысында үй газға толып жарылды (Видео)

ашық дереккөзі

Ақтөбе облысының Темір ауданына қарасты Шұбарши ауылында газ құрылғысы жарылып, екі адам ауруханаға түсті, деп newsroom.kz хабарлайды 24.kz дереккөздеріне сүйене отырып.  

Өңірдегі төтенше жағдайлар департаменті мамандары ақпарат түнгі екі жарым шамасында түсті дейді.

«Жылыту қазандығы істен шыққан болуы мүмкін, соның салдарынан табиғи газ жиналып, жарылыс болған», – деп пайымдап отыр құтқарушылар. Бірақ жалын шықпаған. Баспананың 84 шаршы метр болатын қабырғасы мен шатыры опырылып түсті. Зардап шеккен 60 жастағы ер азаматтың миы шайқалып, жарақат алған. Аяғын күйік шалыпты. Үйде болған 27 жастағы жүкті келіншек екеуі де түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

[embed]https://youtu.be/c2twPEw2oUg[/embed]

Фото: 24.kz

Жүктелуде...