19 жастағы бұрын сотты болған ер адам 3 желтоқсанда ұсталып, полиция басқармасындағы тергеу изоляторына қамалған, деп newsroom.kz хабарлайды stan.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Ол Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) күдікті деп танылған.
"5 желтоқсанда 13:55 шамасында уақытша ұстау изоляторында болған күдікті асылып қалды", – делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Қазір бұл дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі "Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу" бойынша тіркеліп, іс қозғалды.
Фото: hronika.info