Екібастұздағы жылу-электр орталығы (ЖЭС) учаскесінің басшысы Сергей Видлог әйелімен болған жанжалдан кейін қайтыс болған, деп мәлімдеді қалалық полиция. Бұл жөнінде newsroom.kz хабарлайды Stan.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
"Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға марқұмның гаражында әйелімен арасында болған жанжалдан кейін орын алған. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Полиция қызметкерлерінің ішкі құжатын тарату фактісі бойынша Павлодар облысының полиция департаменті қызметтік тексеру жүргізеді", – деп мәлімдеді Екібастұз қалалық полициясы.
Еске салайық, желтоқсанның 6-сына қараған түні Екібастұз жылу электр орталығының басшысы Сергей Видлог үйінің гаражында өлі табылғаны белгілі болған.
Фото: adyrna.kz