«Сағаттың құны 1,5 милион теңге» – Imanbek киімдерінің бағасын айтты(Видео)

«Сағаттың құны 1,5 милион теңге» – Imanbek киімдерінің бағасын айтты(Видео)

ашық дереккөзі

Танымал диджей Imanbek (Иманбек Зейкенов) ресейлік блогерге киімдерінің бағасын айтты, деп newsroom.kz хабарлайды Stan.kz дереккөздеріне сүйене отырып. 

Imanbek Заводный Макстың YouTube-тегі бағдарламасында кездейсоқ қонақ болған. 22 жастағы диджей үстіндегі киімдердің жалпы құны 5 миллион теңгеден асатынын айтты. Мәселен, Acne Studios кроссовкаларының бағасы 40 мың рубльге жуық (шамамен 307 мың теңге).

"Шалбарды кеше сатып алдым, 25 мың рубль (шамамен 192 мың теңге). Vetements кеудешесі 71 мың рубль (шамамен 546 мың теңге), Emporio Armani күртешесі 35 мың рублт (шамамен 270 мың теңге). Сөмкені (Louis Vuitton) Қазақстанда сатып алдым. Теңгемен, шамамен, 1,2 миллион теңге. Сағаттың бағасы 1,5 милион теңге, шамамен 300 мың рубль)", – деді Imanbek.

Бағдарлама жүргізушісінің есебіне қарағанда диджейдің киімдерінің жалпы бағасы 711 мың рубль (шамамен 5 миллион теңге) болған. 

TikTok желісінде жүктелген үзіндінің астына қолданушылар үш жүзден аса пікір қалдырған.

[embed]https://www.tiktok.com/@demohot_official/video/7170442647654518017?pid=video_embed&referer_video_id=7170442647654518017&type=video&referer_url=stan.kz/somkenin-kyni-12-million-tenge-imanbek-kiiminin-bagasin-374012/&refer=embed&embed_source=70846779,120811592,120810756;null;embed_blank[/embed]

"Киімдерінің бағасы 5 миллион теңге. Сен бұған лайықсың!", "Жарайсың, әрі қарай да дами бер", "Брен киімдерді алмай-ақ, қарапайым сауда орындарында киінсең болады", – деп жазды желі қолданушылары. 

Фото: Stan.kz

Жүктелуде...