Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 желтоқсан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Алматыда жастарды әскери-патриоттық бағытқа шақыру бойынша шара өтті

Алматыда жастарды әскери-патриоттық бағытқа шақыру бойынша шара өтті

Алматыда жастарды әскери-патриоттық бағытқа шақыру бойынша шара өтті
ашық дереккөзі

«Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырумен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық жобасы «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы нәтижелері бойынша қорытынды онлайн есептік кездесу өтті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Жоба мақсаты – жастардың арасында өзін – өзі тану, патриоттық сезімдерін арттыру. Қазақстан Республикасының Ұлттық басымдықтарын ілгерілету.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

«Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы сәуір айынан бері жүзеге асырылып келе жатыр. Жобаны жүзеге асыру барысында көптеген нәтижелерге қол жеткізілді. Соның ішінде: 

- Шағын гранттарды жүзеге асыру нәтижесінде және іс-шаралар барысында, әскери-патриоттық клубтарға және басқа да патриоттық бірлестіктерге тартылған жастардың үлесін 20%-ға артты.

- Әлеуметтік желілерге әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы ақпаратты тарату арқылы 358 000 жас ақпаратқа ие болды.

- «Jiger - 2022» журналы жасақталды.

- Әскери-патриоттық клубтардың және басқа да патриоттық бірлестіктердің «Qorgan» бірлестігі ұйымдастырылды.

- «Jas Patriot» YouTube каналының жұмысы ұйымдастырылды.

- Мектептер мен колледждер базасында өңірлік әскери-патриоттық клубтар үшін шағын гранттар конкурсы өткізілді.

- Электрондық және баспа БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы бұқара халықты жоба барысындағы жұмыстармен таныстыру үшін ақпараттық жұмыстар ұйымдастырылды.

- Тікелей 2 646 қатысушы қамтылды.

- Ақпараттық қамту 656 000 адамды құрады.

Жастар арасында әскери-патриоттық бағыттағы әлеуметтік желі марафондары, челлендждер ұйымдастырылып, үздіктер марапатталды. Сонымен қатар, «Әскери-патриоттық керуен» атты іс-шаралар кешені ұйымдастырылып, экскурсиялар, кездесулер, байқаулар, форматта шеберлік сабақтары болып өтті.  

Қайта жаңғырған ұлттық тәрбиенің маңызды бір бөлігі болып табылатын әскери-патриоттық сана-сезімді жастардың бойында қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы. Осы игі мақсат жолында жұмыс атқару ел болашығының маңызды кілті болып қала бермек.

Фото: massaget.kz