Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 желтоқсан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Бейсен Тәжібаев жаңа қызметке тағайындалды

Бейсен Тәжібаев жаңа қызметке тағайындалды

Бейсен Тәжібаев жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Бейсенбай Тәжібаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Дархан Сатыбалды жаңа орынбасарды таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

– Мемлекеттарапынан үлкенсенім мен жауапкершілікжүктеліп отыр.Идеология, білім, мәдениет,спорт,туризмсалалары бойынша маңызды міндеттерді атқару керек. Өте күрделі салалар екенін білеміз. Жұмысыңызға сәттілік тілейміз,– деді Дархан Сатыбалды.

 width=

Бейсенбай Дәулетұлы Тәжібаев 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мамандығы – журналист, құқықтанушы. Еңбек жолын 2002 жылы «Шымкент келбеті» – «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшісі болып бастап, 2005-2017 жылдар аралығында «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ облыстық филиалының редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, «Айқын» газетінің Астана қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі,  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы — баспасөз хатшысы лауазымын атқарды. 2018-2019 жылдары Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болды. 2019-2022 жылдары «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2022 жылдың наурыз айынан бастап осы күнге дейін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы лауазымын атқарып келді. Сондай-ақ 2020 жылдан Түркістан облыстық мәслихатының VII шақырылымдағы депутаты. Мәслихаттағы «AMANAT» партиясы Фракциясының жетекшісі болды.

Бейсенбай Тәжібаев әр жылдары мемлекеттік наградалармен марапатталған. Атап айтқанда, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, «ҚР Президентінің Алғыс хаты» (Омырау белгісімен), «Халық алғысы» медалі, «Құрмет» орденінің иегері.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі