Құрметті достар!
Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз.
Әр- бір азамат өзінің істегені үшін жауап беруі қажет.
Мен кешегі "Хабар" арнасындағы "түкірік" үшін айыппұл төледім - деп жазды танымал депутат Ерлан Саиров өзінің фейсбук парақшасында.
Заң алдында барлық азаматтар тең болуы керек.
Бұл аксиома!
Сонда ғана әділетті қоғам құрамыз!
Басқа да азаматтар заң алдында өз жауапкершілітерін сезінуі қажет.
Әсіресе, халықтың игілігін жымқырып қойған олигархтар мен алпауыттар. Олардың жауапкершілігін біз көздеріне "шоқшитып" көрсетуіміз қажет! Әр-бір адам өзгерісті өзінен бастауы тиіс. Әр- қайсымыз өзгерсек, мемлекетті өзгертеміз!
Мені қолданған азаматтарға көп Рахмет!
Мені сынға алған азаматтарға да ырзашылығымды білдіремін!
Біз Біргеміз! - деген депутат жазбасы желіде қызу талқыланып жатыр.
Фото: Ерлан Саиров жеке фейсбук парақшасынан