Түкіріп жібердім: танымал депутат түкірікке түсінік айтты (Видео)

Түкіріп жібердім: танымал депутат түкірікке түсінік айтты (Видео)

ашық дереккөзі

Құрметті достар!

Кеше Екібастұз қаласына сапар барысында "Хабар" агенттігіне, журналисттердің өтініші бойынша тікелей эфирге шықтым.

Сол кезде, эфир алдында жерге түкіріп жібердім - деп жазды белгілі депутат Ерлан Саиров өзінің фейсбук парақшасында.

Осы мәселе бойынша өзімнің түсінігімді беруді жөн деп ойлаймын - деген оның жазбасы желіде қызу талқыға түсті.

Осыған орай, Мәжіліс депутатының постын қаз-қалпында беруді жөн көрдік.

“Біріншіден,  қауымнан, егер қолайсыз жағдайға қалдырсам,  кешірім сұраймын. Екіншіден,  кеше кешке Екібастұзда өте аяз болды, далада тұрғандықтан осындай жағдай болды.  Далада төрт-бес сағат жүрдік, ТЭЦ-қа бардық, сол кезде тамағым құрғап кеткен болуы керек. Біз қоғам алдында әр- бір қадамымыз үшін жауап беріп, азаматтарға жүріс- тұрысымызды  түсіндіріп отыруымыз қажет деп есептеймін.

Тағы да қолайсыздық үшін кешірім сұраймын! Мен ел алдында әрқашан ашық болуға тырысамын.                                 

Ал Екібастұз қаласына гуманитарлық көмек ретінде 1000 жылыту қондырғысы жеткізілді. Бүгін қала толық жылуға қосылды деген ақпарат келді.

Бүгінде елімізде өте үлкен техногенді проблема тұр. Бұл мәселені терең сараптап қарастыру қажет. Олигархиялық, монополиялық құрылымдар бұл мәселені ушықтыруда.

Қауым алдында "аяздағы түкірік" үшін тағыда Ғафу өтінемін!

Көп Рахмет!”

(с) Ерлан Саиров

Видеоны сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.facebook.com/100001014586146/posts/pfbid036nsocE6nYP3Ex4WfefNzs2cEPtDrFNpaehWAnwPd6P3iLL45NER6AHZewggXm3r4l/?

Жүктелуде...