Сұмдық! Екібастұзда қала тұрғындары жылусыз қалды

Сұмдық! Екібастұзда қала тұрғындары жылусыз қалды

ашық дереккөзі

Екібастұзда жылу электр орталығындағы бірнеше қазандық жұмысы тоқтап, қалаға жылу берілмей қалды, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Оқыс жағдай 27 қарашада сағат 01:30-да кезінде болып, №11 қазанагрегат жұмысы тоқтап қалған. Соңынан желілік судың көп шығындалуына байланысты №13, 14, 15 қазандық агрегаттары жұмыс істемей қалғаны белгілі болды.

"№8 және №14 қазанагрегаттары іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада параметрлері қалпына келтіріледі. Қала, облыс, "Павлодарэнерго" АҚ жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті қолдау көрсетіп жатыр", — деді "Екібастұзжылуэнерго" өкілі.

Ауа райы болжамы бойынша бүгін түнде өңір бойынша 31 градусқа дейін суық болады. Қала тұрғындары болса осы жайтқа алаңдаулы.

Фото: exk.kz

Жүктелуде...