Атырауда аққан мұнай: экология министрлігі жедел жауап айтты

Атырауда аққан мұнай: экология министрлігі жедел жауап айтты

ашық дереккөзі

ҚР Экология министрлігінің экологиялық бақылау және реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген деп хабарлайды EcoMedia чатына сілтеме жасаған newsroom.kz. Нәтижесінде 24 қараша күні сағат 23:50 шамасында «WhatsApp» арқылы Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылдық округі, Батырбек ауылы, «Ыдырыс» қыстағына қарасты далалық аймақта мұнай өніміне ұқсас сұйықтық заты төгілгендігі туралы фото және бейне жазба жарияланғанын анықтаған.

Аталған дерек 25.11.2022 жылы аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілген.
Жедел әрекет ету мақсатында Департамент мамандары аталған орынға барып қарау жұмыстарын жүргізіп, сынама алуға жіберілген. Сондай-ақ, кінәлі тұлғаларды анықтау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде, құжаттар жинақталуда екен.

Жүктелуде...