weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
25 қараша, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сайлау халықтың сенімін көрсетті

Сайлау халықтың сенімін көрсетті

Сайлау халықтың сенімін көрсетті
ашық дереккөзі
20 қараша күні Қазақстан Республикасының белсенді азаматы ретінде сайлауға қатысып, өз дауысымды беруге бардым. Мен бұл тарихи күнде тұрғындардың өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскелеріне отбасыларымен келіп жатқандарын көріп қатты қуандым. Бұл дегеніміз, елдің, халықтың Отаны үшін бей-жай қарап тұра алмайтынының белгісі. Сайлау құқы бар үлкен-кішісі өздерінің учаскелеріне ағылып, елінің ертеңіне немқұрайлы қарамайтыны көңіл қуантты. Саналы түрде таңдау жасалды. Еліміздің заңы мен тәртібін сақтауды қолдайтын азамат ретінде менің айтарым – сайлау өз деңгейінде әділ өтті деп есептеймін. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамаларына сәттілік тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, елдің ынтымағы мен бірлігі ажырамасын. Қазақстанның беделі биіктей түссін. Абдиғани МАВЛАНОВ, Манкент ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы