Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 қараша, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Реформалар нәтижесі халықтың көңілінен шығып жатыр

Реформалар нәтижесі халықтың көңілінен шығып жатыр

Реформалар нәтижесі халықтың көңілінен шығып жатыр
ашық дереккөзі
Көптен күткен кезектен тыс президент сайлауы да өтті. Елдің тұтқасын ұстайтын азаматты бірауыздан сайладық. Қасым-Жомарт Кемелұлы айқын басымдықпен жеңіске жетті. Мемлекет басшысының әр ісінің берекелі болып, еліміздің беделі биіктей түсуіне тілекшіміз. Облыс халқының 80 пайыздан астамы Президент сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады. Бұл – еліміздің саяси белсенділігі мен азаматтық ұстанымдарын білдіреді. Бұл облыс тұрғындарының елдің болашағына бей-жай қарамайтынының көрінісі әрі бір ай бойы жұмысын жүйелі жүргізген үгіт-насихат тобының еңбегі болды. Қазақстан жаңашылдыққа бет бұрды. Жалпы еліміздегі реформалар нәтижесі халықтың көңілінен шығып жатыр. Ендігі кезең тың өзгерістер орын алатынынан үміттіміз. Біз Президентті қолдаймыз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Ирсали УМИРЗАКОВ, Жібек жолы ауыл округі Новой көшесінің көше комитеті мүшесі