Елордада әлеуметтік нысандар салатын учаскелер анықталды
Елордада әлеуметтік нысандар салатын учаскелер анықталды
ашық дереккөзі
Астанада әлеуметтік нысандарды салу үшін 420-дан астам жер учаскесі анықталды.
Мектеп салу үшін – 158 учаске, балабақшалар үшін – 185, медициналық орталықтар үшін (емханалар, перзентханалар, оңалту орталықтары) – тағы 78 учаске. Медициналық орталықтардың саны жаңа тұрғын үй кешенінің бірінші қабаттарында ашылатын медициналық мекемелерсіз көрсетілген. Әлеуметтік нысандарды салу үшін жер учаскелерінің саны жыл сайын ұлғаяды.
Елордада тұрғындардың қатысуымен 2035 жылға дейінгі Қаланың бас жоспарының жобасы талқылануда. "Астана бас жоспарында" болашақ әлеуметтік нысандардың (мектептер, медициналық орталықтар, балабақшалар) орналасуы туралы айтылды. Қаланың бас жоспары жобасы аясында түрлі бағыттар талқыланады: қаланы дамыту, халық саны, әлеуметтік нысандар салу, көлік инфрақұрылымын перспективалы дамыту, 2035 жылға дейін нысандарды бұзу және т. б.
Астананың Бас жоспарының жобасы талқылау сатысында тұр.
Астананың Бас жоспарының жобасын талқылау 2022 жылғы 15-18 қараша аралығында "НИПИ "Астанагенплан" ЖШС ғимаратында, Астана қ., Ә.Мәмбетов көшесі, 22 көрме залы мекенжайында өтеді.