Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 қараша, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Астана мен Бухарест арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективалары белгіленді

Астана мен Бухарест арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективалары белгіленді

Астана мен Бухарест арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективалары белгіленді
ашық дереккөзі
Қазақстан мен Румынияның сыртқы саяси ведомстволарының делегациялары саяси консультациялардың 7-раундын өткізіп, екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағат теңестірді» және саяси, сауда-экономикалық пен мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бейілділігін растады. Қазақстан делегациясына Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, ал румын делегациясына Румыния Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Юлиан Фота жетекшілік етті. Тараптар дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының жемісті өзара іс-қимылын қорытындылады және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жоспарларын белгіледі. Р. Василенко бүгінгі таңда Оңтүстік-Шығыс Еуропа өңіріндегі ең серпінді ынтымақтастық Қазақстанның Еуропалық одақтағы негізгі сыртқы саяси және сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылатын Румыниямен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Біз Румынияның Тәуелсіздігімізді Еуропа елдерінің ішінде алғашқы және әлем елдерінің ішінде екінші болып танығанын (1991 ж. 17 желтоқсан) жоғары бағалаймыз, алғашқы күндерден-ақ арамызда белсенді саяси диалог орнаған, - деп мәлімдеді қазақстандық дипломат. 2022 жылдың 8 айы ішінде екі ел арасындағы тауар айналымы 1,45 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 28%-ға артты (2021 жылы – 1,6 млрд АҚШ долл., экспорт – 1,5 млрд, импорт – 48 млн). Бұл ретте, 2005-2021 жылдар аралығында Румыниядан инвестициялардың жалпы ағыны 1,57 млрд АҚШ доллар құрады. Осы ретте Ф. Фота Қазақстанның Орталық Азиядағы тұрақтылықты нығайтудағы және дамуды қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтіп, Румыния мен еуропалық қауымдастықта еліміздің саяси және экономикалық реформалар бағытына жоғары баға берілетінін жеткізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша СІМ-дер арасында 2023-2025 жылдарға арналған Жұмыс жоспарына қол қойылды. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін толық ашу үшін тұрақты байланыстарды қолдау жөніндегі келісімге келді.