Астанадағы сайлау учаскелері міндеттерін жоғары деңгейде атқарды – қырғызстандық байқаушы

Астанадағы сайлау учаскелері міндеттерін жоғары деңгейде атқарды – қырғызстандық байқаушы

ашық дереккөзі

20 қарашада өткен Президент сайлауында бақылаушы болған Қырғызстан Республикасының Жогарку Кенеші мүшесі Нұржігіт Қадырбеков Астанадағы сайлау учаскелеріндегі дауыс беру процесі өтті. Елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының, «Астана опера» театрының, Оқушылар сарайының ғимараттарында орналасқан сайлау учаскелерін аралап көрдім. Ондағы сайлау комиссиясының жұмыстарына жоғары баға беруге болады. Әр сайлау учаскесінде республикалық және шетелдік байқаушылар, БАҚ өкілдері отырды. Комиссия тарапынан сайлаушыларға ықпал ету әрекеті байқалмады. Барлық жұмыс тиянақты ұйымдастырылған. Сайлау бюллетеньдеріне «Барлығына қарсымын» деген нұсқаның енгізілуі сайлау процесіндегі ілгерілеушілікті көрсетеді. Сайлаушылар белсенді түрде қатысты. Сайлау комиссиясының мүшелері өте тәжірибелі екендерін көрсетті. Сайлаушылар тарапынан туындаған кез келген мәселені дер кезінде уақытылы шешіп отырды. Астанадағы сайлау учаскелері өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарып шықты деуге болады, – деді қырғызстандық байқаушы Нұржігіт Қадырбеков.

Жүктелуде...