Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз.
Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
ТМД байқаушылар миссиясының мүшесі Бахтиер Худоерзода (Тәжікстан) сайлау комиссияларының жұмысы өте тыңғылықты ұйымдастырылғандығын жеткізді.
Ең алдымен атап өтетін нәрсе – Орталық, аумақтық және жергілікті сайлау комиссияларының жұмысы өте тыңғылықты ұйымдастырылған. Міне, осының арқасында халыққа өзінің қалаған үміткеріне дауыс беруге, өзінің азаматтық таңдауын жасауға, ел келешегі үшін үн қосуға барлық мүмкіндіктер жасалған, барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз етілген. Мәселен, Астананың суық ауа райына қарамастан қала тұрғындары сайлауға белсенді қатысып, патриоттық танытты. Мұның барлығы сайлау комиссияларының мақсатты түрде жұмыс істеп, ел бойынша кең көлемді ақпараттық кампанияның сәтті жүргізілуінен деп тұжырым жасауға болады, – деді ол.