weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
22 қараша, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Кемел келешекке бастаған берік адам

Кемел келешекке бастаған берік адам

Кемел келешекке бастаған берік адам
ашық дереккөзі
Түркістан облысының халқы сайлауда белсенділік танытты.Халықтық коалиция атынан сайланған Қасым-Жомарт Кемелұлы 81,31 пайызбен жеңіске жетті. Қазақстандықтар өздерінің басымдықтарын айқындап, алдағы жеті жылда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге болуға дайын екендіктерін нақты белгіледі. Халық тек Президентті сайлаған жоқ, елдің болашағы мен кемел келешегін таңдады. Сайлау өз дәрежесінде өтті. Халықаралық байқаушылар сайлауға өз бағасын беріп, оның ашықтығы мен әділдігін, Қазақстан заңдары мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін атап өтті. Қазақстанды енді тың серпілістер күтіп тұр. Жаңа Қазақстанның дамуына әрбіріміз үлес қосып, перзенттік парызымызды таныту қажетпіз. Алдағы уақытта да елдік істерде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, үлгі боларлық істердің басы-қасынан көрінейік. Ынтымағымыз бен берекелі бірлігіміз жоғалмасын! Кеңес ӘУЕН, Түркістан облыстық мәслихатыныңдепутаты