weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
21 қараша, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Халық сайлауға белсенді түрде қатысты

Халық сайлауға белсенді түрде қатысты

Халық сайлауға белсенді түрде қатысты
ашық дереккөзі
Құрметті жерлестер!!!
Бүгін, 21 қарашада біз сайлау науқанын аяқтадық. Барлық деңгейдегі сайлау органдары Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс Президент сайлауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етті. Сайлаудың түпкілікті нәтижелері белгіленді, Қазақстан Республикасының Президенті сайланды. Баршаңызды осы маңызды мемлекеттік оқиғамен құттықтаймын.
Әрбір азаматымыз дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қосты.
Сайлаудың нәтижесінде Қазақстанның болашағы айқындалып, ел дамуының жаңа кезеңі басталды.
Біз бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз. Әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекет боламыз.
Біз таңдаған жолымыздан айнымаймыз!
Ендеше Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!
Қасиетті Отанымызды бірге өркендетейік, ағайын!