weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
21 қараша, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әйелдер кәсіпкерлікке қатысты ақпараттың аздығына шағымданып жатады

Әйелдер кәсіпкерлікке қатысты ақпараттың аздығына шағымданып жатады

Әйелдер кәсіпкерлікке қатысты ақпараттың аздығына шағымданып жатады
ашық дереккөзі

Қазіргі таңда кәсіпкерлікті дамытуда біраз факторлар кедергі болып отыр, деп newsroom.kz хабарлайды.

«Оның ішінде ақпараттың жеткіліксіздігі. Мәселен, үлкен ірі қалаларда немесе облыс орталықтарында беріліп жатқан қаржылық көмек ауылдарға көбінесе жетпей жатады.

Тіпті қаланың өзінде тұратын әйелдер көп жағдайда ақпараттың аздығына шағымданып жатады», - дейді Диана Ахметжан, Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі және гендерлік теңдікті дамыту коалициясының мүшесі.

Коалиция Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі және гендерлік теңдікті дамыту жолында жұмыстар жүргізеді. Коалиция өзінің құрамына еліміздегі отызға тарта бизнес қауымдастықтарды мен әйелдер басқаратын азаматтық қоғам ұйымдарын біріктіріп отыр. Ең басты мақсаты Қазақстандағы әйелдердің кәсіпкерлікке деген ынтасын арттыру, еліміздің экономикалық өміріне атсалысуына көмектесу, гендерлік теңдікті дамыту.

[embed]https://youtu.be/RWfb3CJLpV0[/embed]