weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
20 қараша, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Назарбаев Мәсімовты Иудаға теңеді

Назарбаев Мәсімовты Иудаға теңеді

Назарбаев Мәсімовты Иудаға теңеді
ашық дереккөзі

Бүгін сайлауға қатысып, дауыс берген экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы ҰҚК басшысы туралы пікір білдірді, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Неге олай істегені және артында кім тұрғаны маған да қызық. Тергеу мен соттың аяқталуын күтемін. Мәсімов менімен көп жылдар бойы жұмыс істеді, бірақ қайдан білесің? Иса Мәсіх те жақын жерде отырған Яһуданың сатқын екенін білмеген. Біз Құдай емеспіз, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ ол немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот үкімінің әділдігіне сенбейтіндерге:

Сот шешімін әділ деп санау керек. Әділ болмады дегендер сотқа шағымдана алады. Кез келген жағдай сот жүйесі арқылы шешілуі тиіс, — деді экс-президент.

Фото: exk.kz