Түркістан: Мақтааралда алғашқы келген сайлаушыларға сыйлықтар үлестірілді
Түркістан: Мақтааралда алғашқы келген сайлаушыларға сыйлықтар үлестірілді
ашық дереккөзі
Бүгін елімізде өтіп жатқан Президент сайлауына Мақтаарал ауданының тұрғындары да белсене қатысуда.
Ауданның сайлау учаскелерінде алғашқы келген сайлаушыларға түрлі сыйлықтар үлестірілді.
Ардагер қариялардан бастап алғаш рет дауыс беруге келген жастар, ақ жаулықты әжелер, ауыл келіндері, қарапайым ауыл шаруашылығы қызметкерлері, фермерлер, мұғалімдер, спортшылар, мәдениет қызметкерлері саяси науқанда белсенділік танытуда.
"Мен алғаш рет сайлауға қатысып отырмын. Еліміздің Президентін сайлау - отандастарымыз үшін маңызды іс. Бұл болашағымызға да тікелей әсер етеді. Сондықтан, таңертеңнен тұрып, белсенділігімді көрсетіп, дауыс беруге бірінші келіп отырмын" - деді жас сайлаушы Жансая Торғауытова.
Айта кетейік, сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында Мақтаарал ауданының барлық учаскелерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалар қойылады.