“Дос-Мұқасан” ансамблі: ақша табу үшін тойға шығуға мәжбүр екен

“Дос-Мұқасан” ансамблі: ақша табу үшін тойға шығуға мәжбүр екен

ашық дереккөзі

“Дос-Мұқасан” тобының негізін қалаған, академик Досым Сүлеев аты аңызға айналған ансамбльдың тойға шығып, ақша табуға мәжбүр екенін айтты, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Бұл туралы Досым Сүлеев Youtube-тегі "TALKLIKE" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Онда академик "Дос-Мұқасан" тобының қалай құрылғанын және ансамбльдың қазіргі жай-күйі туралы баяндайды. Оның айтуынша, топ мүшелері ақша табу үшін той-томалаққа шығуға мәжбүр.

Қазіргі заманда ақша табу керек қой. Олар концерттен көп ақша таба алмайды. Оның үстіне концерт күнде бола бермейді ғой. Ал тойда біраз ақша төлейді. "Дос-Мұқасан" деген аты бар. Олар тойға шығуға мәжбүр, — деді Досым Сүлеев.

Фото: instagram.com/dos_mukasan_official

Жүктелуде...