ҚР президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақтау қаласындағы Абай атындағы Мәдениет сарайында сайлаушылармен кездесті. Өңірдегі өзекті мәселелерге қатысты ойЫН жеткізіп, нақты ұсыныстарын айтты.
Іс-шара барысында кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді. Өз сөзінде Нұрлан Әуесбаев батыс өңірлерде инфрақұрылым мәселелерінің әлі де түйіні тарқамай отырғанын атап өтті.
«Мемлекетті басқару үлгісін президенттік биліктен парламенттік-президенттік билікке ауыстыру арқылы ғана бұл тығырықтан шығуға болады. Бұдан бөлек Нұрлан Әуесбаев өзінің сайлауалды бағдарламасында мұнай-газ секторының ірі кәсіпорындарын ұлттандыруды ұсынады. «Тек осындай нақты қадамдар арқылы ғана еліміздегі жұмысшылардың еңбек шарттарын жақсартуға болады», дейді кандидат.
Сонымен бірге Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасында қазақстандықтардың өмір сапасының стандартын енгізу ұсынылады.