Абай облысында алдағы уақытта туризмге баса назар аударылатын болады. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев БАҚ өкілдерімен кездесуі кезінде айтты, деп newsroom.kz хабарлайды aikyn.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
«Біздің өңірде қайда демалуға болады және не көруге болады? Бұл Алакөл ғана емес, Бесқарағай ауданындағы Шошқалы бар, Еңлік-Кебек, Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу ескерткіштері бар. Қазақ халқындағы ұлы махаббат хикаясы арқау болған ғашықтар кешені – біздің өңірде. Неліктен 15 сәуірде Қазақстанда Ғашықтар мерекесі тойланып жатқанда, бұл ескерткіштерде ғашықтар, некеге тұрғандар мен жас жұбайлар үшін мереке немесе фестиваль ұйымдастырмасқа? Бұл біздің бренд болуы мүмкін. Ойкұдықта жас әртістер мен музыканттар арасында фестивальдар өткізуге болады. Бұл да есте қаларлық орын: мұнда Мұхтар Әуезов алғашқы қойылымын өткізді. Тарбағатай Елеке сазының керемет қорғандары бар, Үржарда көптеген қорған бар, мысал ретінде әйгілі «Үржар ханшайымын» айтуға болады. Басқа аудандарда да көрсететін дүние көп – мұның бәрі туристерге қызықты болады деп ойлаймын», – деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ көтерілген проблемалар қатарында ЖЭО, мектептер мен ауруханалардың құрылысы, инфрақұрылым, өңір экономикасына серпін беретін Аягөз – Тэчен халықаралық теміржол құрылысы, Семей қаласының бас жоспары, өлкетану мәселелері болды.
Фото: aikyn.kz