Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 қараша, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Саяси өзгерістер халық мүддесі үшін жасалып жатыр

Саяси өзгерістер халық мүддесі үшін жасалып жатыр

Саяси өзгерістер халық мүддесі үшін жасалып жатыр
ашық дереккөзі

Қазақстан жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Қазіргі геосаяси жағдайда, Қазақстан мемлекеттілігін нығайтып, өзінің егемендік ұстанымына берік болуы керек.

Биыл елімізде демократиялық қағидаттарға негізделген Әділетті Қазақстан құру міндеті жарияланды. 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Қазір елімізде қызу үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Санаулы күндер қалды. Әр адам өз таңдауын жасайды.

Жүрегінде «елім» деген патриоттық сезімі бар әрбір қазақстандық бұл сайлауда белсенділік танытуы тиіс. Себебі, Президент – елдің айнасы. Бізді әлем елдері Президент және оның атқарған жұмыстары арқылы таниды. Даму алдындағы үлкен бастама болғалы тұр. Жаңа Қазақстанның болашағы сіз бен біздің қолымызда. Дұрыс таңдау – кемел келешекке жол. Мен сіздерді сайлауға қатысуға шақырамын.

Сүлеймен АРЫСТАНОВ,

Түркістан қалалық мәслихатының депутаты