Адал бизнес бюрократиялық қысымға ұшырамайды

Адал бизнес бюрократиялық қысымға ұшырамайды

ашық дереккөзі

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облыстық штаб мүшесі Қалыйма Жантөреева, Кентау қалалық қоғамдық штаб төрағасы Арман Басаров, штаб мүшелері Талғат Балабиев, Дауренбек Мұбаров «Кентау трансформатор зауыты» АҚ ұжымымен экспромт-кездесу өткізді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды кең көлемде айтып өткен Қалыйма Жантөреқызы көпшілікті сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

- Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында бірқатар өзекті проблемалар қамтылып отыр. Мәселен, ауызсу тапшылығы мәселесін біржола шешу, азық-түлік қауіпсіздігін күшейту, ауыл тұрғындарын кәсіби медицинамен қамтамасыз ету қазіргі таңда көптің көкейіндегі мәселелер. Кандидат өз сөзінде «Мемлекет өскелең ұрпаққа білім беру үшін осы салаға инвестиция құя береді. Білім саласының барлық деңгейінде қордаланған мәселе шешіледі. Бала тәрбиесі мен олардың алаңсыз өмірі біздің жіті назарымызда болады» деген болатын. Бұл стратегия жан-жақты сараланып, талданып, қоғамның талап-тілегі негізінде ұсынылды. Сондықтан халықтың ықыласына ие болуда. Сіздер секілді еңбек адамдарына құрмет көрсетуді насихаттаған Қасым-Жомарт Кемелұлына дауыс бергендеріңіз жөн деп санаймыз, - деді Қалыйма Жантөреықызы.

 width=

Сондай-ақ сенімді өкілдер «Әділетті мемлекет – Әділетті экономика – Әділетті қоғам» қағидатына негізделген Президент реформаларының маңызы туралы айтып, жүзеге асатын жұмыстарды түсіндірді.

Сауран ауданындағы сенімді өкілдер ұстаздар қауымымен кездесті. Шорнақ ауылында өткен басқосуға аудандық қоғамдық штаб төрағасы Сағынбек Асылбеков пен штаб мүшелері Құрбанбай Рысбеков, Ақай Тілес қатысты. Жиын барысында кандидаттың білім беру құндылықтарын ілгерілету, білім және ғылым саласын, жастар саясатын дамыту жөніндегі ұсынып отырған бастамалары талқыланды.

 width=

«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында айтылған өзекті мәселелер кең көлемде түсіндірілді. Сондай-ақ, әрбір оқушы өзі қалаған спорт секциясына, шығармашылық үйірмеге тегін қатыса алатындығы, балалардың денсаулығын жақсарту үшін елімізде 50 сауықтыру лагері ашылып, балабақшаларда әлеуметтік жағынан әлсіз отбасылардан шыққан балаларға және барлық бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақ берілетіндігі де айтылды.

Жиын соңында ұстаздар Қ.К.Тоқаевтың қоғамдағы ұстаздардың мәртебесін арттыруға бағытталған саясатын қолдай отырып, өз дауыстарын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беретіндіктерін жеткізді.

 width=

Үгіт-насихат жұмыстары Ордабасы ауданында да өтті. "Іскер әйелдер" ұйымының мүшелерімен кездескен штаб мүшелері Замира Маханова және Гүлнар Толыбаева ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген әрбір тармақ еліміздің дамуы мен халқымыздың әл-ауқатын көтеруді көздейтінін жеткізді.

Сондай-ақ, қоғамдағы әлеуметтік-демографиялық прогресті қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлі, экономикалық өсудің жаңа үлгілеріне көшу, денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту, әйелдер арасында қаржылық сауаттылық проблемаларын шешу және өзін-өзі бағалауды, жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамыту жайы бойынша түсінік берілді.

Жиын соңында штаб мүшелері көпшілікті алдағы саяси науқанда азаматтық белсенділік танытып, кандидат Қ.К.Тоқаевқа қолдау көрсетуге шақырды.

Фото: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Жүктелуде...