weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
9 қараша, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Салтанат Тұрсынбекова Қостанай қаласындағы емхана ұжымымен кездесті

Салтанат Тұрсынбекова Қостанай қаласындағы емхана ұжымымен кездесті

Салтанат Тұрсынбекова Қостанай қаласындағы емхана ұжымымен кездесті
ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова еліміздің бірнеше өңірін аралап, халықпен кездесуін жалғастырып келеді. Бұл жолы үміткер Қостанай қаласындағы №4 емхана ұжымымен кездесті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Емхананы аралау барысында үміткер тек медицина қызметкерлерімен ғана емес, науқастармен де тілдесті. Кездесу кезінде науқастардың бірі дәрі-дәрмек бағасының қымбаттығына шағымданып, бір курс ем үшін тек инъекцияға 40 мың теңгеге жуық қаражат жұмсағанын айтты.

«Дәрі-дәрмек бағасы күн өткен сайын қымбаттап барады. Жақында маған инъекциялар тағайындалды. Бір ампуласы 1300 теңге тұрады. Менің еміме бірден 30-ы қажет, бұл басқа препараттарды, шприцтерді және өзге де шығындарды есептемегенде шығатын сома», деді емханадағы емделушілердің бірі.

Кандидатпен кездесу кезінде дәрігерлер де өздерін мазалаған мәселелерді талқыға салып, өзекті сұрақтарын қойды. Олардың айтуынша, емханада дәрігерлер, әсіресе, кәсіби мамандар тапшылығы қатты білінеді. Жалақының аздығы да білікті кадр мәселесін ушықтырып тұр.

Салтанат Тұрсынбекова мемлекет пен халықтың ынтымақтаса жұмыс істеу керектігін айтты.

«Денсаулық сақтау жүйесінде шешімін таппаған мәселелер көп. Дәрігерлерге қолайлы жағдай жасалса, науқастарға да оң әсері болары сөзсіз. Мұның бәрі жүйенің қалай дұрыс құрылатынына байланысты», деді С.Тұрсынбекова.