Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 қараша, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Саяси науқанның салмағы жоғары

Саяси науқанның салмағы жоғары

Саяси науқанның салмағы жоғары
ашық дереккөзі

Саяси науқанға санаулы күндер қалды. Президенттік сайлау - еліміздегі ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалардың алғашқы қадамы болмақ.

Өйткені, саяси жүйеге еніп жатқан жоспарлар мен жаңа бағыттар экономиканы тұрақты дамытуға, бұқараның әлеуметтік ахуалын жақсартуға, еңбек адамының мәртебесін арттыруға, бастысы, адам құндылығын бірінші орынға қойып отыр.

Кезектен тыс сайлау өткізу - халықты бірлікке жұмылдырар ұтымды шешім. Сайлау - халықтың таңдауы ескерілетін саяси алаң. Демократиялық қоғамдағы азаматтың таңдауы.

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бұл сайлаудың ерекшелігі – Президент өкілеттігінің бір рет қана, жеті жылдық мерзіммен шектелуінде. Бұл уақыт алға қойылған маңызды межелерді іске асыруға жеткілікті деп ойлаймын.

20-қарашадағы Президент сайлауы – еліміздің болашағына бағдар беретін саяси  науқан. Қазақстанның баға жетпес байлықтарын әрбір азамат қорғауға мүдделі. Сондықтан, саяси салмағы маңызды науқаннан қапы қалмай, Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

Дулат ӘБІШ,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ» телерадиокомпаниясының бас директоры