Елімізде үлкен саяси науқан жүріп жатыр. Барша қазақстандықтар үшін бұл үлкен жауапкершілік. 20 қараша күні өз Президентімізді сайлаймыз.
Сайлауға қатысу - әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Еліміздің өркениетті жарқын болашағы үшін, әрбір қазақстандық бұл сайлауға бейжай қарамауы тиіс. «Сайлау менсіз де өтеді» деген жаңсақ пікірден алшақ болайық дегім келеді. Қоғамда дұрыс идеология қалыптастыру үшін, әрбір жеке тұлғада ұлттық рух, сенімді сауатты пікір, Отанға деген патриоттық, азаматтық көзқарас қалыптасқаны абзал.
Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құру - сіз бен біздің дұрыс таңдау жасауымызда. Ел болып бірігіп, еліміздің дамуына атсалысып, жарқын болашағына нық сеніммен қадам басайық.
Президент сайлауында бір кісідей азаматтық белсенділік танытайық!
Нұржамал МАЙУСОВА,
Созақ ауданы мәслихатының депутаты