Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 қараша, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Дархан Қыдырәлі Түркістан облысының БАҚ өкілдерімен кездесті

Дархан Қыдырәлі Түркістан облысының БАҚ өкілдерімен кездесті

Дархан Қыдырәлі Түркістан облысының БАҚ өкілдерімен кездесті
ашық дереккөзі

Бүгін Түркістан облысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі іссапармен келді. Сапар аясында министр «Алатау медиа» орталығында облыстағы БАҚ өкілдерімен кездесті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Келелі басқосуға аудан, қалалардағы телеарналар мен газеттердің Бас редакторлары, ақпараттық порталдардың жетекшілері қатысты. Жиынды «Turkistan Media Holding» ЖШС Бас директоры Жанахмет Ағыбаев ашып, жүргізіп отырды.

Кездесу барысында жаңа және дәстүрлі медианың негізгі проблемасы, коммуникация сала­сын­дағы маңызды мәселелер талқыланды.

 width=

Жиында сөз алған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша мемлекеттік қолдаулар және БАҚ туралы заңды жетілдіру бағытындағы кешенді жұмыстарды баяндады.

- Жаңартылатын бұ­қара­лық ақпа­рат құралдары туралы заң жобасында бір­қатар жаңалық болады деп көзделіп отыр. Ақпаратқа қол жеткізу, журна­лис­тердің мәртебесін, кәсіби құзыретін арттыру және тағы басқа бірнеше өзгеріс енгізуді жос­парлап отырмыз, - деді Дархан Қуандықұлы.

 width=

Басқосуда "Оңтүстік Қазақстан" газетінің бас редакторы Абай Балажан,  "Түркістан" газетінің бас редакторы Мәлік Әлмаханұлы, «Арыс ақиқаты» газетінің бас редакторы Әбдімәлік Ағыбай, «Жануби Қозоғистон» газетнің Бас редакторы Әлішер Сатыбалдиев БАҚ саласындағы бүгінгі қордаланған өзекті мәселелерді тілдеріне тиек етті. Қойылған сауалдарға министр Дархан Қыдырәлі жан-жақты жауап беріп, ұсыныстардың маңыздылығын жоғары бағалады.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі