Түркістан облысында 1 163 860 дауыс беруші, 919 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде 26 орын жабық учаске болып саналады. 919 сайлау учаскесінде жұмыс істейтін 6251 байқаушының тізбесі жасақталып, құзырлы органдармен тексерілді, деп newsroom.kz хабарлайды.
Байқаушылардың заң шеңберінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері 14 қазаннан бастап байқаушыларды оқыту семинарларын бастады. Оқыту семинарлары 10 қараша күні аяқталады. Бүгінгі күнге дейін 3368 байқаушы оқытылды.
Айта кетейік, 21 қазанда елімізде сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталды. Үгіт жүргізу 18 қараша күні сағат 18:00-де тоқтатылады. 19 қараша - сайлау алдындағы тыныштық күні. Дауыс беру 2022 жылғы 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін өтеді.
Еске салсақ, дауыс беру 20 қарашаға белгіленген. Президент жеті жылға сайланады.
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі