Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 қараша, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабы Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабы Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабы Алматы облысының тұрғындарымен кездесті
ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары Алматы облысының тұрғындарымен үміткердің бағдарламасындағы әлеуметтік басымдықтарды талқылады, деп newsroom.kz хабарлайды.

Өтеген батыр ауылында балалар клиникалық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу өтіп, жиын барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі мақсаттары айтылды.

- Алматы облысы – еліміздегі ең ірі өңірлердің бірі. Аймақ халқының 85 пайызы ауылда тұрады. Мұнда да барлық өзге өңірдегідей шешімін күтіп тұрған мәселелер аз емес. Сол мәселелерді қазақстандықтар жаппай қолдайтын күшті билік қана шеше алады. Сондықтан сайлаушылардың 20 қарашада сайлау учаскелеріне келіп, елдің одан әрі даму жолын анықтайтын таңдау жасауы маңызды, - деп атап өтті республикалық қоғамдық штаб мүшесі Азат Перуашев.

Бұдан кейін штаб мүшелері Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде Алматы облысының жұртшылығымен кездесті. Басқосуға 200-ге жуық адам қатысты. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы өңірлерді дамытуға және ауылдағы инфрақұрылымды жаңартуға арналған бөлімі қызу талқыланды. Сондай-ақ штаб мүшелері өңірдегі көпбалалы аналармен кандидаттың өскелең ұрпақты қолдау және тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі сайлауалды бастамалары туралы әңгіме өрбітті.