Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
31 қазан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Сайлауалды бағдарлама саяси реформалардың жалғасы

Сайлауалды бағдарлама саяси реформалардың жалғасы

Сайлауалды бағдарлама саяси реформалардың жалғасы
ашық дереккөзі

Бүгін Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында» ҚР Президенттігіне кандитат Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері Ғаппар Сарсенбаев, Сейдулла Садықов, Ғалымжан Бимурзаев, Балтагүл Оспанова мен Ардақ Мансуров тұрғындармен және мекеме ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Қ.Тоқаевтың Жолдауы мен сайлауалды бағдарламасы талқыланып, бірнеше маңызды бағыттар жайлы әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына сәйкес, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Кездесу барысында сөз алған сенімді өкіл Сейдулла Садықов Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық саладағы реформалары ел игілігі үшін қызмет етіп келе жатқанын айтты.

- Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент болған сәттен бастап, түрлі салаға соны реформалар енгізіп, Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын, құқығының қорғалуын, ел экономикасының өркендеуін мақсат ететін тың бастамалардың жүзеге асырылуына ықпал етіп келеді. Өйткені, экономика мен әлеуметтік сала бір-бірінен ажырамайтын, бір-біріне тәуелді егіз сала. Бүгінгі таңда түсіндіріліп жатқан сайлауалды бағдарламасы да осыған дейінгі реформаларының жалғасы секілді. Алдағы жеті жылға жоспарлаған жоспарлаған жұмыстары көпшіліктің көңілінен шығады және Отанымыздың гүлденуіне септігін тигізеді деп сенемін, - деді ол.

 width=

Ал, штаб мүшесі Ғаппар Сарсенбаев сайлауалды бағдарламаның салаларына тоқталып:

- ҚР Президенттігіне кандитат Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында экономикалық сала ғана емес, әлеуметтік саланың түрлі бағыттары қарастырылған. Әсіресе, азаматтардың құқығын қорғау, табысын арттырып, қоғамдағы рөлін күшейту, жасөспірімдер мен ауыл азаматтарының жағдайын жасау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Бұл жаңа Қазақстанды құрудың алғышарттары іспеттес. Ал, жаңа Қазақстанды құру үшін бірлік керек, - деді.

Жиын барысында қатысушылар алдағы маңызды саяси науқан туралы ойларын ортаға салып, сенімді өкілдер қатысушылар тарапынан көтерілген мәселелер мен сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында штаб мүшелері барша жерлестерін сайлауға қатысып, болашаққа нық қадам жасауға шақырды.

Фото: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі