ҚР Президентіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевқа 3 400-ден астам ұсыныс түсті. Оның 640-ы www.toqaev2022.kz сайты арқылы келген.
Ұсыныстың басым бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру – 598 (21,2%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 492 (17,4%), жер қатынастары – 358 (12,7%), білім беру – 210 (7,4%) салаларына қатысты.
- Азаматтар кандидатқа өз ұсыныстарын айтып, әр саладағы мәселелерді жеткізе алады. Сондай-ақ сайлауға қатысты кез келген мәселе бойынша кеңес алуға болатын call-орталық жұмыс істейді, - деді қабылдау бөлімінің меңгерушісі Әлия Садырбаева.
Қазақстан бойынша 227 қабылдау бөлімінде сайлаушылармен кездесулер өтіп жатыр. Оның ішінде 689 кездесу өтіп, 2 мыңнан астам адам қабылданған.