Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 қазан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Министр жеке тұрғын үй иелері жауапқа тартылмайтынын айтты

Министр жеке тұрғын үй иелері жауапқа тартылмайтынын айтты

Министр жеке тұрғын үй иелері жауапқа тартылмайтынын айтты
ашық дереккөзі

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған тұрғын үй иелері жауапқа тартылмайтынын, оларға тек ұсыныстар берілетінін айтты, деп хабарлады Newsroom.kz тілшісі.

Жетісу облысының тұрғындарымен кездескен ведомство басшысы 1 қазанда жылыту маусымы басталғанын, сондықтан тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды екенін атап өтті.

Оның айтуынша, оған дайындық тамызда алдын-ала жүргізіледі. Кейін атаулы көмек көрсету үшін халықтың әлеуметтік осал топтар санатына жататын адамдардың саны анықталады. Олар – көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектер.

Жылыту маусымы біткенше тұрғын үй секторында пештерді, электр жабдықтарды, сондай-ақ газ жабдықтары мен баллондарды пайдалану және сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсетіп, профилактикалық рейдтер жүргізіледі.

«Біз жеке тұрғын үй секторының иелерін жауапқа тартпаймыз, тек өзімізді және отбасымызды өрттен және көміртегі тотығымен улану оқиғаларынан қалай қорғауға болатыны туралы ұсыныстар береміз. 2022 жылғы 15 тамыздан бастап 3 мыңнан аса рейд жүргізілді, 5 мың үйде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағаны анықталды (пештің жанында жанғыш материалдарды сақтау, оның үстінде заттарды кептіру және тағы басқа). Оның ішінде 3 мың үйде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзуға жол берілген жоқ, ал үй иелеріне ұсыныстар берілді. Барлығы 50 мыңнан аса үй иесіне түсіндіру жұмысы жүргізілді», - деді Юрий Ильин.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрі биыл қыркүйектен бастап әкімдікпен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, 809 датчик орнатылғанын жеткізді.

Юрий Ильин датчиктер қайғылы оқиғаның болуына жол бермейтінін, қауіп туралы алдын ала хабар беретінін атап өтті.

Фото: kapital.kz