Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 қазан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Тоқаевтың сайлауалды штабы: өңірлердегі кездесулер Абай облысынан басталды

Тоқаевтың сайлауалды штабы: өңірлердегі кездесулер Абай облысынан басталды

Тоқаевтың сайлауалды штабы: өңірлердегі кездесулер Абай облысынан басталды
ашық дереккөзі
Amanatpartiasy.kz дереккөздеріне сүйене отырып, ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің сайлаушылармен үгіт-насихат кездесулері басталды, деп newsroom.kz хабарлайды. Өңірлердегі кездесулер Абай облысынан бастау алды. Мәселен, облыстың ақсақалдарымен және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде РҚШ мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды.  Әсіресе, мәдениетті дамытуға, мемлекеттік тілді қолдауға, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге айрықша мән берілді.  width= Бұдан соң, Абай облысының жұртшылығымен өңірлерді дамыту, ең алдымен, ауылдарда жайлы өмір сүруге жағдай жасау бойынша кандидат ұсынған шаралар талқыланды. Кездесуге 300-ден астам адам қатысты. Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов халқымыз Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегінде топтасуы тиіс екенін атап өтті. «Президенттің саясаты мен іс-қимылы, бірінші кезекте, мемлекет мүддесін қорғап, ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Халықтың қалауы да – осы! Бір сөзбен айтқанда, ел мүддесі де, ер мүддесі де бір жерден шығып отыр», – деді ол. Әлихан Бөкейханов атындағы университетте жастармен кездесу өтті. Жиында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы жастарға қатысты іс-шаралардың барлығы жүйелі түрде жүзеге асатынын атап өтті. Осы күні РҚШ мүшелері «Семей Цемент» АҚ-ға барып, кәсіпорынның еңбек ұжымына кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы түсіндірді.