Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 қазан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының күніне орай Румынияда ресми қабылдау өтті

Қазақстан Республикасының күніне орай Румынияда ресми қабылдау өтті

Қазақстан Республикасының күніне орай Румынияда ресми қабылдау өтті
ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің дереккөздеріне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының күніне орай Румынияның Президенті Әкімшілігі мен Үкіметі, Парламенті депутаттары, министрліктердің өкілдері және Бухарест қаласында аккредиттелген дипломатиялық миссиялар басшылары, сонымен бірге мемлекеттік органдар, іскерлік-қоғам мүшелері, БАҚ, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері және осы елде оқитын студенттеріміздің қатысуымен ресми қабылдау өтті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Елшісі Нұрбах Рүстемов өз сөзінде мемлекетіміз тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап серіктестерімен өзара тиімді қатынастарды дамыту және сенімді диалогты орнатуға бағытталған көпвекторлы достық саясат жүргізіп келе жатқандығын атап өтті.

 width=

Н.Рүстемов Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басты аспектілері жайлы, сонымен бірге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық маңызы бар реформалары туралы айтып берді.

Атап айтқанда, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, экономиканы монополиядан шығару, адал және ашық бәсекелестікті дамыту үшін шешуші қадамдар жасалды.

Сондай-ақ, Елші Қазақстанда осы күзде өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті сияқты маңызды сыртқы саяси оқиғаларды атап өтті. Қазақстанның халықаралық аренадағы дауысы одан да зор естіле бастады.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Республика күнінің халық үшін маңыздылығы туралы айтып берді, сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы елімізді әлеуметтік теңдік, әділдік және демократиялық өзгерістер басым жаңа Қазақстанды құру жолымен жүргізіп жатқанын атап өтті. Осы жылы Қазақстан мен Румыния арасындағы дипломатиялық қатынастарына 30 жыл толғандығына ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта Румыния біздің саяси және мәдениет, сонымен бірге жемісті парламентаралық диалог орнатылған маңызды еуропалық серіктесіміз болып табылатыны атап өтілді.

Мемлекеттеріміз екіжақты қатынастардағы өзара іс-қимылдың барлық салаларында оң көрсеткіштерге қол жеткізгендігі айтылды. Бұл мәнмәтінде, достық байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында мәдениет саласы мен халықтық дипломатия бағытындағы ынтымақтастықты жандандыру маңыздылығы айтылды.

Румыния СІМ Мемлекеттік хатшысы Юлиан Фота Қазақстанды Республика күнімен құттықтап, еліміздің саяси және экономикалық модернизациялауда қол жеткізген жетістіктерімізді ерекше атап өтті. Ол Қазақстан мен Румыния арасындағы ынтымақтастық достық пен серіктестік негізінде жемісті түрде дами түсетіндігіне сенім білдірді.

Қонақтар салтанатты іс-шара барысында Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткері – опералық әнші Сүндет Байғожин мен Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының солисті Әйгерім Ораз ұсынған өнер арқылы ұлтымыздың колоритімен таныса алды.

«Kids Kingdom Kindergarten» балабақшасынын кішкентай қонақтары ана тілімізде «Біз Отанның бөбегіміз» әнін шырқаумен, сонымен бірге қазақ және румын тілдерінде өлеңдер оқумен кештің көзайымдарына айналды.

Жоғары оқу орындары студенттері арасында өткізілген «Жаңа Қазақстан» мен екіжақты қатынастарды дәріптейтін «Қазақстанды бірге ашайық» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты іс-шараның тағы да бір маңызды бөлігіне айналды (аталған конкурс Қазақстанның Румыниядағы Елшілігі, EuroDefence Romania мен Таяу Шығыс саяси-экономикалық институтының қолдауымен ұйымдастырылды).

Сонымен бірге, қонақтардың назарына қазақстандық суретші Алуа Тебенованың көрмесі ұсынылды (оның суреттері Қазақстан, Румыния, Франция, Италия, Ұлыбритания мен АҚШ-та жеке топтамаларда сақталуда).

Кеш соңында меймандарға румын тіліне аударылған Ұлы Абайдың «Қара сөздері», Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әке туралы сөз» кітаптары және Қазақстан халқына «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Қауіпсіз қоғам» атты Жолдауы сыйға тартылды.