Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 қазан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Президент сайлауы – жаңарудың жаңа белесі

Президент сайлауы – жаңарудың жаңа белесі

Президент сайлауы – жаңарудың жаңа белесі
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы 2022 жылдың 1-қыркүйегінде халыққа арнаған Жолдауында күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынып, Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді мәлім еткен болатын.

Президент алдағы сайлау науқаны заңға сәйкес өтетініне кепілдік беретінін айтты. Сонымен қатар, бұл науқан елдің бүкіл саяси жүйесіне түбегейлі өзгеріс енгізетінін де атап өтті.

Жолдаудан кейін елде саяси өзгеріске дайындық қызу басталып кетті. Алдымызда тұрған Президент сайлауы әрбір адамның жеке тұлға ретінде жан-жақты жетілуіне көмектесіп, ел бірлігін нығайтып, ынтымақтастықты арттыратыны ақиқат.

Саяси науқанда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, өз таңдауымызды жасасақ, маңызды міндетті дауыс беру арқылы сезінер едік. Жаңа Қазақстанның баспалдағында тұрған Сайлау нәтижесі арқылы Жаңа реформа мен басқару, Жаңа президенттік жүйе - саяси тұрақтылықты нығайтып, ел дамуына серпін берері анық.

Мемлекет басшысы айтқандай, сайлаудан кейін экономикамыз тұрақты дамып, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақмерзімді міндеттерді жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік туады.

Маңызды саяси науқан – Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға барша жұртшылықты белсене қатысуға шақырамын. Жаңа әрі әділетті Қазақстанды бірге өркендетейік!

Инара НАМАЗБАЕВА,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты