Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 қазан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Республика күніне орай Түркістанда «Жаса, жайна Қазақстан!» мерекелік іс-шара өтті

Республика күніне орай Түркістанда «Жаса, жайна Қазақстан!» мерекелік іс-шара өтті

Республика күніне орай Түркістанда «Жаса, жайна Қазақстан!» мерекелік іс-шара өтті
ашық дереккөзі

Түркістанда 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай «Жаса, жайна Қазақстан!» салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көпшілікті Республика күнімен құттықтап, тәуелсіздіктің баға жетпес құндылық екенін айтты, деп newsroom.kz хабарлайды.

 width=

– Баршаңызды Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен бірінші құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.25 қазан – ұлттық мерекеге айналып, Республика күні болып бекітілді. Қазақстан Республикасының тұрақтылығын сақтау, дамыту – баршамыздың міндетіміз. Бүгінгі таңда облыс үшін маңызды бірнеше ірі жобаны іске асыру жоспарлануда. Осыған байланысты жергілікті бизнес өкілдерін жаңа жұмыс және өндіріс орындарын ашуға белсенді атсалысуға шақырамын. Мызғымас бірлік пен ізгі тірлігіміз арқылы Жаңа Қазақстанды дамытуға атсалыса берейік. Түркістанымыз түрленіп, Қазақстанымыз гүлдене берсін! – деген Дархан Сатыбалды елді дамытуға үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік марапаттарды тапсырды.

 width=

Атап айтсақ, Түркістан өңірінің еңбегімен дараланған азаматтарына «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері ұсынылды. Сонымен бірге «Ерен еңбегі үшін», «Ерлігі үшін», «Шапағат» медалдары мен Құрмет Грамоталары да өз иелерін тапты.

 width=

«Конгресс холл»  кешенінің заманауи концерт залында өткен мерекелік кеште облыстың өнерпаздары және «VOICE OF TURAN» байқауының жүлдегерлері, сонымен бірге елге танымал эстрада жұлдыздары отаншылдық бағыттағы әндерді шырқап, бишілер өз өнерлерімен көрермендерді серпілтті.

 width=

Жалпы Республика күніне орай Түркістанда 1200-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Бүгінде басым бөлігі өтіліп үлгерген.

 width=

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі