weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
22 қазан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістандық рухтастардың насихат жұмыстары қарқынды

Түркістандық рухтастардың насихат жұмыстары қарқынды

Түркістандық рухтастардың насихат жұмыстары қарқынды
ашық дереккөзі

Орталық сайлау комиссиясының жоспарына сәйкес, 21 қазан күні сағат 18.00-ден бастап елімізде кезектен тыс прездент сайлауының үгіт-насихат жұмыстары басталды. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, осы орайда бүгін Қ.А.Ясауи кесенесінің маңында, әкімшілік-іскерлік орталықта, «Есім хан» алаңы мен «Жаңа қала» шағынауданында үгіт-насихат құралдары таратылатын болады. Сонымен қатар, өңірдегі аудандарға да үгіт құралдары жөнелтілді, деп newsroom.kz хабарлайды.

 width=

- Өңір белсенділері осыған дейінгі саяси науқандарға мол үлес қосып келді. Биылғы президент сайлауының үгіт-насихат жұмыстарына да ерекше ынтамен кірісіп кетті. Яғни облыстың әр аймағынан жасақталған 600-ден астам белсенді азамат Жаңа, әділетті Қазақстанды құруға атсалысып жатыр деуге болады. Себебі, мемлекетіміздің дамуына жастар саясатының да қосар үлесі мол, - дейді «Jastar ruhy» ЖҚ Түркістан облысы бойынша филалының төрағасы Жансерік ЖҰМАН.

 width=

Айта кетейік, бұл жұмыстарды сайлауалды үгіт-насихат науқанын ерекше қарқынмен бастаған “Jastar ruhy-ның” түркістандық 600-ден астам белсендісі атқарып жатыр. Барлық еріктілер қажетті жабдықтармен және арнайы формамен қамтылған.

 width=

 width= Фото: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

#Toqaev2022