«Jastar Ruhy»-ның түркістандық 600-ден астам белсендісі үгіт құралдарын таратуға атсалысады, деп newsroom.kz хабарлайды.
Бұл жолғы ерекшеліктердің бірі – аталған жұмыстарға 30-40 жас аралығындағы азаматтар қатысуға ниет білдірген. Белсенділер өңірдің 17 аудан және қаласында тақырыптық плакаттар, флаерлер және стикерлерді тарату жұмыстарын үйлестіруге басымдық береді.
Бүгін, 21 қазан Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының үгіт-насихат кезеңі басталды. 18 қарашаға дейін кандидаттардың сайлауалды бағдарламасы республика бойынша насихатталады. Қ.К.Тоқаевтың барлық деңгейдегі қоғамдық штабтары ашылуға дайын.
Бүгін сағат 18.00-ден бастап «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының тарапынан адам көп шоғырланатын аймақтарда 100 баннер және 13 лэд экранға үгіт құралдары ілінді. Жоспар бойынша билбордтар да орнатылады.
Фото: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі