Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 қазан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қарин саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Қарин саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Қарин саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
ашық дереккөзі

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, деп newsroom.kz хабарлайды ortcom.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Жиында Мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижесінде дайындалған заңнама бағытындағы негізгі ғылыми тұжырымдар мен ұсынымдар қаралды.

Отырыс барысында ғалым-сарапшылар іздестіру экспедициясы мен зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелерін таныстырды.

Сондай-ақ, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Әділет министрлігінің және Президент Архивінің басшылары мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру және заңнамаға ұсыныстар әзірлеу барысы жайында баяндады.

Отырыс қорытындысы бойынша заңнамалық базаны жетілдіруге, баспа қызметін дамытуға және Мемлекеттік комиссияның архивтік материалдарын жүйелеу жұмыстарын жалғастыруға қатысты тапсырмалар берілді.

Фото: ortcom.kz