Cайрам ауданында шаруаларды күштеп ұжымдастыру науқанының көріністері

Cайрам ауданында шаруаларды күштеп ұжымдастыру науқанының көріністері

ашық дереккөзі

Ұлтымыздан шыққан мемлекет және қоғам  қайраткерлері өткен үш ақтау – реабилитация процестері (1956-1957жж, 1987-1988 жж,1997-1999 жж.) кезінде толық ақталды. Олардың мемлекет және халқы алдында кінәсі болмағандығы көрсетілді. Ал жергілікті жерлерде соның ішінде Қарабұлақ ауылыннан шыққан бай, ірі бай, орташа байлар, саудагер-алыпсатарлар, ишан, имамдарды «қанаушы-эксплотарлар» деп танылғандарды ақтаймыз ба, ақтамаймыз ба... Осы мақсатта «Cайрам аудандық прокуратурасының  өндірістік бақылаудағы істер» деп аталатын №168 Қор [2]  мен «Сайрам ауданы халық сотының материалдары» атты №505 Қорды [3] қарастырудамын. Ең басты мәселе сол қасіретті жылдарда құғын-сүргінге ұшырағандарды, шетелге ауа көшкендерді миллиондап көрсетіп, оқулыққа енгіздік те олардың толық аты-жөндері әлі күнге дейін белгілі емес. Оларды анықтау ісімен бірнеше қоғамдық және ғылыми-зерттеу институттары, архивтер айналысып жатса да құғындалдардың санын сол оқулықтарда жиі қайталана беретін санға жеткізу тіпті мүмкін болмай отыр. Сайрам ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Манкент-Сайрам ауданы құрылды, құрамына Шымкент уезінің Манкент, Сайрам, Украин болыстарының аумақ бөліктері енген, 1930 жылы желтоқсанда Сайрам ауданы болып қайта аталды[4]. Аудан құрамына келесі ауылдық кеңестер енді:

  1. Базар Қопа Манкент                7. Ярғалық
  2. Қарабұлақ Сұлтанрабат
  3. Қарамұрт Шымкент-қақпа
Архив қорларындағы1929-1932 жылдарға қатысты істердің мәтіндері негізінен төте жазудың өзбек тілінде сақталған. Себебі, сотқа тартылушылар орыс тілін білмеген, қазақ тілінің төте жазуымен жаза алмаған. Сайрам ауданындағы бай - кулактардың кәмпескеге ілінгендерінің тізімдерін  №168 Қордағы [2] істерден таптық. Оларға қолданылған жазаны  облыстық сотының материалдары деп аталатын №217 Қор[5]  және №505 Қордан[3] тауып ары қарай  іздестіруді жалғастырып жатырмыз.  Сол бай - кулактардың көпшілігі жазадан құтылу үшін шетке қашқаны туралы прокуратура құжаттарында мәліметтер бар. Жалпы 64 бай-кулак, ишандар, саудагерлер белгілі. Қашқан 41 нің аты-жөндері белгілі. Оларды басқа жаққа отбасымен ауып көшіп кеткен деп топшылаймыз. Себебі, оларға қатысты сот материалдарын табу қиынға соғып отыр. Күштеп ұжымдастыруға душар болған Сайрам ауданының  Қарабұлақ, Қара-мұрт, Базар Қопа, Ярғалиқ, Манкент ауыл мен селоларын (колхоздары)  атап көрсетуге болады. Осы ауылдарда ұжымдастыруға қарсы шыққаны үшін әкімшілік және қылмыстық тәртіппен жазаланғандардың аты жөндері белгілі болып отыр. Ақталғандардың кешірімге ілінгендердің саны да анықталып жатыр.      Сайрам ауданында қашуда жүріп ұсталған бай-кулактар туралы Шымкент қаласы прокуратурасы мен Сайрам ауданы милициясы арасындағы хаттар сақталған. Онда Юнусходжаев Абдумажит, Зулқарнаев Маткерим, Низамутдинов, А.Швачко, К.Швачко, А.Швачко бұрынғы бай кулак элементтер ретінде айып-талғандар «Билинков», «Ярғанлик»  селосынан қашып Қарабұлақ ауылы, Ман-кент селосы, Қарамурт селоларынан ұсталған. Қайта тергеуге алынған оларға 58 -8-9, 58-10 ,61-ІІІ, 111 баптар бойынша іс қозғалады. Іс 1931 жылы 9 сәуірден бастап қозғалып, тергеу, анықтау жұмыстары 1932  жылдың 12 тамызына дейін Манкент-Сайрам ауданының прокуроры Ибрагимовтің бақылауында жүрген[2]. Прокурор Ибрагимовтің Қаз АКССР прокурорына жазған аса құпия хатында бұрынғы бай, панисламист Зулқарнаев Маткеримнің 58-8 бабымен айыпталып жатқанын көрсеткен. Оның аса қауіпті контрреволюциялық элемент екенін айта келе «ол мақта жиын терімі кезінде жұртшылық арасында кеңес жүйесіне қарсы үгіт жұмыстарын жүргізіп, мақта науқанының нәтижелі аяқталуына кедергі келтірді» [2]  дейді. Республика бас прокуратура-сынан Зулқарнаев Маткеримге контрреволюциялық жұмыстары үшін ең жоғары жаза-атуға ұсыныс білдіреді. Күштеп астық дайындату бойынша жергілікті партия және құқық қорғау органдарының негізгі шешімдердің тізімін 2017 жылы Шымкент қаласында жарық көрген 74 ші қордан алынған "Сырдария округіндегі тәркілеу науқанына қатысты құжаттар жинағына" [6]  енбей қалған Cайрам ауданына қатысты сот материалдары жаңа деректер екендігін айта кетуіміз керек. Онда, Базар Қақпа колхозы бойынша барлығы 9 байдың  аты - жөндері белгілі. Олардың 4 еуі белгісіз бағытта қашқан. Сонымен қатар, ортадан жоғары байлардың саны 6 ау. Олардың  аты - жөндері белгілі.  5 еуі белгісіз бағытта қашқан, 1-еуі қамалған. Қарамұрт ауылы бойынша да ортадан жоғары байлардың тізімі 7, аты - жөндері белгілі. 5-і қашқан, 1-еуі қамалған.  Тізімге  Қарамурт қышлақ кеңесі төрағасы Сарқатов қол қойған. Прокурор Ташмухамедов бақылау жасаған[2]. Қарабұлақ ауылы бойынша бай- кулактардың кәмпескеге ілінген 58 байлар мен ишандардың аты- жөндері табылып отыр. Оларға салынған астық салығы 13200 пұт болған. Ярғалиқ қышлағында да орташа және жоғары бай кулактардың саны 17, олардың аты жөндері мен салынған салық мөлшері де белгілі[2]. Мысал ретінде ірі колхоз саналған Қарабұлақ ауылындағы күштеп колхоз-дастыру науқаны туралы сот, тергеу құжаттарын оқи отырып колхоздардың алғашқы жылдары дұрыс жұмыс істемегенін көруге болады. Азық-түлік түріндегі салық ет, астық түрінде алынды. Олар мәжбүрлеп жүргізілген. Әсіресе, бұл ауқатты байларға қатты зардап боп тиген. Осыдан Қарабулақ колхозында азық-түлік тапшылығы орын алған. Ақыр соңында аштыққа ұрынған, ол ашаршылықтың жайылуына әкелген. Колхоз құрылысына қарсылықты тек бай, орташа бай, діндар адамдардың әрекетінен көруге болады. Қызығы сол олар өздерін кінәлімін деп санамаған.  58-7,10- баптары бойынша «колхозға қарсы үгіт насихат жұмысын жүргізді» және жеке малдарын базарға сатып пұлдады колхозға өткізбеді  деген «контреволюциялық айыптаулар» тағылған. Олардың кейбіреулерінің аты - жөндерін көрсетіп және әрекеттері туралы айта кетейік. Айталық, 1930 жылы 48 жастағы  Тошметов НиязметҚарабұлақ ауылының белгілі байы саналған. Ол 61-3 және 79 -1 тармағы, яғни екі баппен сотталған [2] 61-3 бап- «мемлекеттік маңызы бар жұмыстарды орындауда бас тарту...», ал 79-1 бап «мемлекеттік кәсіпорындарға тиіселі мүліктерді өрескел түрде жою» болып табылады. Ол бұрын мал саудасымен айналысқан алыпсатар болыпты. Бірнеше гектар бау-бақша өсірген, егіншілікті те кәсіп еткен. Ол кедей-батрактар еңбегін пайдаланған «эксплуататор» деп танылған. 1929 жылы мал-мүлкі кәмпескі-ленген. Осы жылы құрылған «Қайтмас» колхозына мүше де болып кірген. Бірақ ол колхозда мақта егуге қарсылық танытқан. Мақта тұқымын егу тапсырмасын орындамаған. Астық салығын да орындамай 1929 жылы көрші Өзбекстанға қашып кеткен. 1930  жылы ол жақтан қайта оралған соң ұсталып Сайрам аудандық сотында жоғарыда аталған екі баппен сотталып түрмеге тоғытылған. 1930 жылы 27 желтоқсанда ОГПУ тергеушісі Мустакимов Қарабұлақ ауыл-ының бұрын кәмпескеленген мына байларының қылмыстық істеріне тергеу жұмыстарын аяқтап, істерін сотқа өткізген екен[2]:
  1. Умаров Усмантай - 38 жаста. Тегі өсімқор саудагер. Екі сиыры, бір жылқысы қалған. Астық, ет салығын орындамаған.
  2. Тойметов Нияз әлі -60 жаста. Тегі бай. Астық, ет салығын орындамаған.
  3. Темиров Тайхана - 48 жаста. Бай. Бұрын кәмпескеленген. Бір өгіз, екі сиыр, екі жылқысы қалған. Астық, ет салығын орындамаған.
  4. Исраилов Сағидулла - 34 жаста. Тегі бай. Екі жылқы, екі сиыры қалған. Астық салығын орындамаған.
  5. Артықбаев Мутали – 53 жаста. Тегі бай. Бір сиыр, бір есегі қалған. Астық салығын орындамаған.
  6. Қасымходжаев Абдураим – 55 жаста. Тегі бай. 1929 жылы кәмпескеленген. Бір сиыры мен бір жылқысы қалған. Астық, тұқым себу жоспарын орындамаған.
  7. Умаров Садық – 49 жаста. Ауқатты шаруа. Тұқым себу мен астық жоспарын орындамаған.
  8. Абдуллаев Сағидулла – 72 жаста. Имам. Ауқатты орта шаруа. Бұрында 61 баппен істі болған. Тағы да осы бапқа және «контрреволюциялық» 58 бапқа ілінген.
  9. Умаров Қошқар – 53 жаста. Тегі бай. Мүлкі кәмпескеленген. Астық салығын орындамаған.
  10. Умаров Абдусамат -38 жаста. Тегі саудагер. Астық салығын орындамағаны үшін кәмпескеленген.
  11. Ташметов Сағамбек - 47 жаста. Мал саудагері. Ет салығын орындамаған.
Кеңес өкіметі алдымен бұл байларға колхоз жүйесімен егін егіп, оған қарайлап, жиым теріп жасап, салық түрінде есеп беруін міндеттеген болатын. Бірақ олар бұлай істегісі келмей колхоз жүйесіне қарсы ауылында «бұл кеңестер билігі ұзаққа бармайды, колхоз дұрыс емес, өзіміздің сақтаған тұқымымызбен себеміз, оның өнімін өзіміз белгілейміз..» деген секілді үгіт- насихат сөздер айтып, қарсы әрекет еткен. Тергеуші Мустакимов жоғарыда аталған байларға қатысты 58-10 және 61-2 баптармен қылмыстық істер қозғайды. 1931 жылы 3 қаңтарда аудан прокурорының шешімімен «домзакқа – түрмеге» сотқа дейінгі тергеу жұмысы үшін жабылады. Сот баршаға үлгі болу үшін ашық жүргізіледі. 1929-1931 жылдарда Сайрам ауданының  Манкент селосы да күштеп ұжымдастыруға душар болды. Манкент селосына қарасты «Ленин» колхозының тұрғындары Қажиматов Айтмат Ерсиматуғли, Рахматов, Ашурматовтар Қыл-мыстық кодекстің 58-бабының 9,10 тармақтары және 73 ші баппен құғынға ұшырады.Олардың кәсіптерібөз тоқушы - қолөнерші, киім тігінші еді.  Жеке тігін машиналары мен жеке дүкендері де болды. Жалдамалы жұмыскерлердің еңбектерін пайдаланды. «Қанаушылар» ретінде тұтқын-далуға дейін «Ташкент жаққа қашып кетуіне байланысты...» [2] деп іс уақытша тоқтатылған.Осылайша,Рахматов пен Ашурматовқа іздеу жарияланады.Ал Қажиматов Айтматтың белгісіз жағдайда қайтыс болғандығы туралы мәлімет бар. Қорыта айтсам, тергеу істерінде колхозды мәжбүрлеп құрудағы асығыстық, аштық туралы бір ауыз мәлімдеме не факті кездеспейді. Тек айыпталушылардан алынған төте жазу (арапша) өзбекше мәтінде жазылған түсініктемелерде ғана «бала шағам, туыстарым аш отыр, қазаным қайнамай қалды, егуге бар дәнді колхозға өткізгем, соның біразын сұрауға бардым.. т.б» мазмұндағы жауаптарды оқуға болады. Оны тергеуші сұрақ хаттамасына себептерін басқаша жазып қоспауына амалы болмаған, өйткені, «ұрладым», «тонадым», «кеңес өкіметінің қолхоз құрылысына қарсымын» т.б деп соңынан жаздырып, қол қойдырып алған. Құжаттарды оқып отырсаңыз олардың басты кінәсі тегі бай, колхоз құрылысына қарсы болғандығын байқауға болады. Олар «қанаушы-экспулотаторлар» деп танылды. Бірнеше жылды арқалап лагерге жөнелтіліп жабылып, қара жұмысқа жегіліп кете берді. Бұларды ақтаймыз ба, ақтамаймыз ба... Мемлекет басшысы бағыт берген Ұлтық жад институтын құру аса маңызды. Оған тоталитарлық режимнен жәбір көргендерді толық енгізу және оларды саяси ақтау уақыт талабы. Осы аталған байлар, кулактар, ишан молдалар ауылды асыраған, ауылдың тыныштығы мен берекесін сақтаған қайраткерлер болатын. Олардың құғынға ұшырап, яғни күштеп колхоздастыруға ұшыруының себебі, яғни бар кінәсі ауқатты бай болғаны еді. Тоталитарлық жүйе социалистік қоғамға жат элемент саналған байларды, діндарларды құртпайынша жаңа қоғам құру қиын деген теріс көзқарастағы принциппен таптық күресті қатаң іске асырып баққан.  Президентіміз Қ.Тоқаевтың «...заңсыз қудалау құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмысын толық аяқтауды" [1] тапсыруына байланысты осы кісілерді саяси ақтауға ұсыну заман талабы. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР:
  1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлығы./ Егемен Қазақстан газеті. 21 қараша, 2020
  2. ТОМА(ары қарай-ТОМА)- «Сайрам ауданы сотының материалдары» деп аталатын №505 қор, 1-тізбе, 1 бума, 13-іс.
  3. Түркістан облысы мемлекеттік архиві - «Cайрам аудандық прокуратурасының өндірістік бақылаудағы істер» деп аталатын №168 Қор. 1 тізбе, 3 бума,  76 іс. 46 парақ.
  4. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы анықтамалық (1928-2011 жж.), ІІ-басылым – Шымкент, 2020, 335 б.
  5. ТОМА–«Облыстық сотының материалдары» деп аталатын №217 Қор.
6.Сырдария округіндегі тәркілеу науқанына қатысты құжаттар жинағы.- Шымкент, «Нұрлы бейне» баспасы, 2017.-340 б.

Б.С.Айтай,

ОҚМПУ дің Әлем тарихы және дінтану кафедрасының

аға оқытушысы, т.ғ.к.Саяси құғын- сүргін құрбандарын

толық ақтау жөніндегі Шымкент қаласы бойынша

жұмыс тобының мүшесі.

Фото: kk.unansea.com  

Жүктелуде...