Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің арнайы өкілі, сыртқы істер және мәдениет министрі Минакаши Лекхи Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) бастамаларын қолдайтынын айтты, деп хабарлады Newsroom.kz тілшісі.
Астанада өткен АӨСШК саммитінде Минакаши Лекхи Үндістан кеңес құрылтайшысының бірі екенін әрі оның бастамаларына қолдайтынын атап өтті.
Сондай-ақ Үндістанның сыртқы істер және мәдениет министрі Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаевпен кездесіп, Махатма Гандидің құрметіне қойылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл – беделді үндістандық беделді саясаткердің Қазақстандағы екінші мүсіні.
Сонымен қатар Минакаши Лекхи Қазақстанға сапары барысында Вьетнам Социалистік Республикасының вице-президенті Во Тхи Ань Суан екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыға салды.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің арнайы өкілі Астана медицина университетінде білім алып жатқан үндістандық студенттермен кездесті әрі Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев, АМУ Зерттеулер және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Виталий Койков сөйлесіп, пікір алмасты.
Сыртқы істер және мәдениет министрі Үндістан елшілігіндегі Свами Вивекананда мәдени орталығында ICR және ITEC бағдарламалары бойынша білім алған қазақстандық түлектермен де әңгімелесті.
«Үндістан және Қазақстан арасында тығыз және достық қарым-қатынас орнаған. Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің арнайы өкілі, сыртқы істер және мәдениет министрі Минакаши Лекхидің елімізге келуі өте маңызды. Қос ел арасындағы дипломатиялық байланыстың орнағанына 30 жыл толды. Бұл сапар Үндістан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтады», - деп жазылған елшілік таратқан хабарламада.