Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 қазан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Президент сайлауы: Үгіт-насихат жұмыстары 21 қазанда басталады

Президент сайлауы: Үгіт-насихат жұмыстары 21 қазанда басталады

Президент сайлауы: Үгіт-насихат жұмыстары 21 қазанда басталады
ашық дереккөзі

ҚР Президенттігіне кандидаттар сайлауға дейінгі үгіт-насихат жұмысын 21 қазанда бастайды. Аталған шара 28 күнге созылады, деп newsroom.kz хабарлайды.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу жұмысы 21 қазан мен 18 қараша аралығында өтеді. Яғни 28 күнге созылады. Үгіт жүргізу 18 қараша күні сағат 18:00-де тоқтатылады. 19 қараша - сайлау алдындағы тыныштық күні.

Дауыс беру 2022 жылғы 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін өтеді. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижелері аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ға екі күндік мерзімде (22 қарашадан кешіктірмей) жеткізіледі.

Демек, сайлаудың алдын ала қорытындылары 21-22 қараша аралығында жариялануы шарт. Заңнамада сайлау қорытындыларын белгілеуге және жариялауға, сайланған Президентті тіркеу сайлаудан кейін 10 күннен аспайтын мерзімде көзделген. Бұл жолы сайлау қорытындыларын анықтап, сайланған Президентті тіркеуге 7 күн беріліп отыр – 21.11.2022 ж. – 27.11.2022 ж.

Кезектен тыс президент сайлауы дауыс беру күнін қоса есептесек, Жарлық жарияланған күннен бастап 60 күннің ішінде өтуі керек. Үміткер ұсыну кезеңі 19 күнге, қолдардың сәйкестігін анықтау, беру, жинау және тексеру 29 күнге, сайлау алдындағы үгіт-насихат 28 күнге, дауыс беру алдындағы «тыныштық күні» 1 күнге, дауыс беру процесі 1 күнге, қорытындыларды белгілеп, сайланған Президентті тіркеу 7 күнге созылады.

Ал, бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы ақпараттық хабар сайлау өткізілген күннен бастап 10 күннен қалмай, яғни 30 қарашадан кешіктірмей жариялануы керек.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі