Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 қазан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақ-Румын ҮАК-тің негізгі мақсаты – сауда-экономикалық әріптестікті жаңа деңгейге шығару

Қазақ-Румын ҮАК-тің негізгі мақсаты – сауда-экономикалық әріптестікті жаңа деңгейге шығару

Қазақ-Румын ҮАК-тің негізгі мақсаты – сауда-экономикалық әріптестікті жаңа деңгейге шығару
ашық дереккөзі

2022 жылғы 7 қазан, Астана қ.- бүгін сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-румын үкіметаралық комиссиясының 16-шы отырысы өтті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Қазақстан тарапынан тең төраға – Энергетика министрі Болат Ақшолақов, Румыния тарапынан – энергетика министрі Вирджил Попеску. Отырыстың күн тәртібіне сауда-экономикалық және инвестициялық, білім және ғылым салаларындағы әріптестікті одан әрі тереңдетуге бағытталған көптеген мәселелер енгізілді.

Қазақстанның энергетика министрі Б. Ақшолақов «сауда-экономикалық ынтымақтастықты перспективалы дамытудың негізгі бағыттары энергетика, көлік, логистика, жеңіл өнеркәсіп болып табылады, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы қатынастардың оң даму серпіні байқалады» - деп атап өтті. Бұл ретте, Министр өтіп жатқан келіссөздер мен қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Румыния арасындағы тығыз өзара іс-қимыл орнату жолындағы маңызды қадам болып табылатынын атап өтті.

Өз кезегінде Румынияның Энергетика министрі В.Попеску «Тараптар бірқатар маңызды салаларда елдер арасындағы екіжақты және сауда қатынастарын жандандыруға келісті» деп атап өтті. Министр Бухаресттің бірлескен жобаларда өзара ынтымақтастықты ынталандыру және бизнес-форумдарда компанияларды тарту арқылы әріптестікті кеңейтуге дайын екендігін растады.

 width=

Румынияның қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастығын жандандыруға ниетінің жоғары деңгейін делегацияның өкілді құрамы, оның құрамына мүдделі министрліктердің басшылары мен кәсіпкерлердің кең ауқымы кіретінін атап өту маңызды. Атап айтқанда, делегация құрамында Еңбек және әлеуметтік ынтымақтастық министрі М.Будэй, Кәсіпкерлік және туризм, Көлік және инфрақұрылым, Энергетика және Еңбек министрліктерінің мемлекеттік хатшылары, «EximBank» өкілдері болды. Румыния делегациясы үшін перспективалық бағыттарды талқылау мақсатында Энергетика министрлігінің ҚР ЭМ, ИИДМ, МСМ, ЕХӘҚМ, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және «Kazakh Invest» АҚ басшылығымен екіжақты кездесулер ұйымдастырылды.

Іс-шараның нәтижесінде тараптар Қазақстан-Румыния сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 16-шы отырысының Хаттамасына қол қойды.

Құжатқа сәйкес, екіжақты күн тәртібіндегі маңызды мәселе көлік-логистика мәселелерін шешу болып табылады. Осылайша, халықаралық жүк тасымалдау бойынша Бірлескен жұмыс комиссиясын құру, сондай-ақ ТРАСЕКА сауда бағыттарында және Транскаспий халықаралық көлік маршрутында (ТХКМ) орналасқан Ақтау және Констанца порттарын байланыстыру ниеті туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Анықтама: 2022 ж. алғашқы жеті айында Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы жүк тасымалдау көлемі 40%-ға өсіп, 150,3 мың тоннаны құрады.

Сонымен қатар, мұнай өңдеу зауыттарының қажеттіліктері үшін қазақстандық мұнайды Румынияға жеткізу көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды. Келіссөздерге Conpet SA, Inspet SA, Oil Terminal SA сияқты ірі румын компаниялары қатысты.

Инновациялар мен технологиялар басым бағыттар ретінде белгіленді. Атап айтқанда, келіссөздердің нәтижелері тараптардың жасыл технологиялар саласында бірлескен жобаларды құруға дайындығын көрсетті. Сондай-ақ тараптар астаналар арасында тез арада тікелей әуе қатынасын ашу және туристік ағындарды арттыру үшін өзара турлар ашу мүмкіндіктерін де талқылады.

Осымен қатар, ҮАК аясында «Kazakhinvest» компаниясының қолдауымен екі елдің ірі кәсіпкерлерінің қатысуымен Қазақстан-Румыния бизнес-форумы өтті. Атап айтқанда, B2B форматындағы нәтижелі кездесулер өткізіліп, қорытындылары бойынша энергетика, туризм, көлік және ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.