Сұмдық! Ресейліктер Қазақстан елшісіне қысым көрсетті

Сұмдық! Ресейліктер Қазақстан елшісіне қысым көрсетті

ашық дереккөзі

Ресей дипломатиялық ведомствоның ресми өкілі Мария Захарованың Қазақстан елшісіне қысым көрсетуіне қатысты Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz-ке сілтеме жасап.

Кеше Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырылған.Елшіні шақыртқан Ресей дипломатиялық ведомствоның ресми өкілі Мария Захарова. Ол Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийдің айналасындағы мәселенің шешім таппағанына байланысты наразылығын білдірген. Осыған байланысты бүгін Мәжіліске келген Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді.

Оның мәлімдемесі Қазақстан мен Ресейдің тең құқылы стратегиялық серіктестер ретіндегі одақтастық қарым-қатынастар сипатына қайшы келетінін атап өткім келеді, — деді Айбек Смадияров.

Ол Врублевский мырзаның арандатушылық мінез-құлқына қатысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі принциптік ұстанымын бұған дейін жеткізгенін айтты.

Қазіргі кезде Украина сыртқы істер министрлігінен Астанада жаңа елшіні тағайындау туралы өтініш келіп түскен.

Сондай-ақ Ресейдің Қазақстандағы елшісі сыртқы істер министрлігіне шақырылады.

Фото: inform.kz

Жүктелуде...