Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 қазан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстанда олигархтық капитализм заманы өтті

Қазақстанда олигархтық капитализм заманы өтті

Қазақстанда олигархтық капитализм заманы өтті
ашық дереккөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда олигархтық капитализм заманы өткенін мәлімдеді, - деп newsroom.kz хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет елімізде жұмыс істейтін барлық ірі өндіруші компаниялардың қызметін өте жіті бақылайды. Біз капиталды шетелге заңсыз шығаруға жол бермейміз. Олардың түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруын қадағалап отырамыз", - деді ол.

Президенттің сөзінше, өндірісті жаңғырту үдерісіне, экологияны қорғау ісіне ерекше назар аударылады.

"Салық төлемақысы ерекше бақылауда. Егер ірі өнеркәсіп кәсіпорындары бұл талаптарға сай келмесе, біз серіктестікті тоқтатуға мәжбүр боламыз. Бұл - ешқандай қорқыту емес, керісінше бүкіл өркениетті әлемде қабылданған қарапайым, адал және әділ жұмыс ережелері. Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы өтіп, ел азаматтарының алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін кезең жетті. Азаматтарымызға тиімді әрі әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, ел экономикасында жетекші орындағы бизнес керек", - деді Президент жиында.